#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғимаратында «Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы мен коворкинг орталығы ашылды. Бұл бастама «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Оқу ошағындағы шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен бас прокуратураның кадрлық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қанат Жұбатыров арнайы қатысты. «Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы құқықтық мәдениетті арттыра отырып, студенттердің кәсіби даярлығын нығайтуға үлкен үлес қоспақ. Себебі мұнда өңірдегі прокуратура құрылымында жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар дәріс береді. Тың жобаның алғашқы сабағын облыс прокуроры өзі бастап берді. Студенттердің қатысуымен өткен практикалық семинарда аталмыш саланың жауапкершілігі мен жиі кездесетін келеңсіздіктер ашық айтылды. Айта кетейік, салалық дәрісхана өңірлер арасында алғаш рет Қызылордада ашылып отыр. Ал, дәл осы оқу ошағынан басталуы да тегін емес. Өйткені, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті заң саласының кадрларын даярлауда көш ілгері. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам студент осында білім алып, олардың көбі еліміздің әр аймағында жемісті еңбек етіп жүр.

 РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ

Былтыр өзіміздің меморандумға қол қойылған. Соның ішінде бір жоспарда көрсетілген – біз прокуратура қызметкерлері осы жерде сабақ беретін боламыз. Оған ректор екеуміз қол қойдық. Жұмыс жалғасатын болады