#qyzylordatv
Көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар «Қызылорда-Қарабұтақ-Шымкент» тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды. Тағы бір адам түрлі дене жарақатын алған.
Қайғылы оқиға күні кеше түскі сағат 14:15 шамасында Қармақшы ауданы, Диірментөбе елді мекенінің тұсында болған. Облыстық полиция департаменті ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Шевролет» маркалы автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ – ОПД ӘПБ БАСТЫҒЫ
//Лексус пен шевролет автокөлігі соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам түрлі дене жарақатын алды. Барлық жүргізушілерге ескертетініміз республикалық маңызы бар тас жолдарға шығарда қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, жылдамдықты шамадан тыс асырмауға, ара қашықтықты сақтауға шақырамыз.//