Өңірде заңсыз қоқыс алаңдары азаймай тұр. Мәселен, былтыр ғарыштық мониторинг нәтижесімен бей-берекет қоқыс тасталған 113 орын анықталып, жойылған. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау бойынша ұйымдастырылған рейдтік іс-шара нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарын бұзудың 117 дерегі тіркелген.
Мұнан бөлек, департамент тарапынан ұйымдастырылған «Таза ауа» іс-шарасы аясында 108 автокөлікке зертханалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аластағыш заттарының белгіленген нормативтерден асуы анықталған көлік жүргізушілеріне әкімшілік шара көрілген. Қазіргі таңда облыстағы қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында 10 жоба бойынша жұмыстар жүруде. Оның тоғызын «Жасыл даму» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр.
АЛМАС ЫСҚАҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі «Байқоңыр» кешеніндегі объектілерді де қамтиды. Осы ретте, Департаментпен 2025 жылы 17 объектіге жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп анықталған 13 заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарымдар беріліп, толығымен орындалды.//