Шиеліде «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында аудандық актив отырысы өтті. Жиында жаңадан әзірленген Ата Заң жобасының басым бағыттары кеңінен талқыланды.
Актив отырысына ауданның қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен өндіріс саласының мамандары қатысып, ұсынылған өзгерістерге тоқталды. Жаңа Конституция жобасының мазмұны түсіндіріліп, оның адам құқықтарын қорғау, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және экономикалық өсімге берік құқықтық негіз қалыптастырудағы маңызына ерекше назар аударылды.
Жиында сөз алғандар жаңа жобадағы отбасы құндылықтары мен білім-ғылым саласына берілген басымдықтарға да тоқталды.
Шара барысында көпшілік өз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Мұндай кездесулер қоғамның құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңашылдықты терең түсінуге мүмкіндік береді.