Облыста электр, газ, су және жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр салаға 102,8 миллиард теңге бөлініп, тұрғындар сапалы қызметпен қамтамасыз етілді.
Өңірде 10 мың шақырымнан астам электр желісі бар. Былтыр 12 жоба бойынша 280 шақырым әуе желісі мен 87 қосалқы станция жаңартылды. Қосымша трансформаторлар орнатылды. Газдандыру бойынша 18 жоба жүзеге асқан. Жыл бедерінде 11 ауыл көгілдір отынға қосылып, газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Ал ауыз сумен қамту толық 100 пайызға жетті. Жылу жүйелерін жаңғырту арқылы желілердің тозуы азайды. Сонымен қатар қуаты 240 МВт-тық жаңа жылу электр орталығы салынып, тесттік режимде іске қосылды.
МЕДЕТ УСАИН – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
//Одан бөлек біздер республикада оңтүстік аймақтарда электр энегрияның тапшылығы бар, маневрлік күштер бар, соны көбейту мақсатында Сырдария ауданында 1100 мегаваттық бу қазандығының жұмысын жоспарлап отыр. Бұл жоба аясында қосымша электр әуе желісі Қызылорда қаласын, Жезқазғанмен, Ұлытау облысымен және Шымкент қаласына қарай 500 киловоттық желісі тартылады. Сонымен қатар Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбыры бар екінші желісі тартылатын болады. Осы жұмыстардың барлығы облысқа үлкен серпін береді деп жоспарлап отырмыз.//