Жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті. Осымен отызыншы рет ұйымдастырылған дәстүрлі доп додасына 24 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
«Батыржан кап» - еліміздегі ең мықты аяқдопшылардың басын қосатын бәсі биік бәсеке. Сыр өңіріндегі бұл турнир осымен отызыншы жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дүбірлі додаға биыл елімізбен қатар көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Иран, Бразилия елдерінен мықты спортшылар келді. Допты ұршықша иірген шетелдік ойыншылар алаңда атой салып, көрермен көзайымына айналды.
ДҮЙСЕНБЕК БАЙТҰРСЫНОВ, «TOPCAR13» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
//Батыржан кап өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Атмосфера күшті. Өте тартысты ойын болды. Бізде бір төртік Ираннан келген, бір ойыншы Қырғызстаннан келген және өзбекстандық ойыншымыз бар. Қалғаны қазақстандық ойыншылар. Біз бір айы бұрын Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы турнирден бірінші орын алып, осы Батыржан капқа келдік \
Облыстан және еліміздің әр өңірінен келген 24 команда 6 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Топтан үздік шыққан ұжымдар 1\8 ойындарында бақ сынап, мықтылары ширек финалға шықты. Тартысқа толы турнирде Альтимус, Адам Арафат және көршілес өңірден келген Түркістан, Кентау командалары үздік шығып, жүлдеге таласты.
Жартылай финалда қызылордалық қос команда Алтимус мен Адам Арафаттың жолы түйісті. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Нәтижесінде Альтимустың аяқдопшылары шеберлік танытып, финалға шықты. Ал, түркістандық командалар арасындағы ойында кентаулық жігіттердің асығы алшысынан түсті. Осылайша финалда Алтимус пен Кентау командасы кездесіп, кубокты сарапқа салды.
Аяқдоп бәсекесінде жергілікті «Альтимус» командасы жеңімпаз атанды. Чемпиондық құрам «Батыржан каптың» арнайы кубогі мен 7 млн. теңге қаржылай сыйақыға ие болды.