#qyzylordatv
Облыс аумағында 24-25 сәуір күндері «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс шарасы өтті. Мақсат – мемлекеттік тіркеуде жоқ нөмір таққан немесе автокөлік нөмерін жасыратын құрылғылар қолданған азаматтарды анықтау.
Аталған іс-шараға сәйкес қазалылық полицейлер сенбі, жексенбі күндері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Нәтижесінде аудан көлемінде екі күнде жетпістен астам құқық бұзушылық анықталды. Оның 57-і жол қауіпсіздігі бойынша. Атап айтсақ, жүргізушілердің басым бөлігі қауіпсіздік белдігін тақпаған, түнгі жарық шамын жақпаған және рөлде отырғанда ұялы телефон құрылғысын қолданған. Ережеге енжар қараған азаматтарға заң аясында тиісті шара көрілді.
МҰХИТ НАҒАШЫБАЙ, АПБ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
Аудан көлемінде қазіргі таңда 72 бейнебақылау камерасы орналасқан. Онымен жыл басынан 4200 құқық бұзушылық анықталып, 36 млн теңге айыппұл салынды....