#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құмкөл» кенішінің 40 жылдық тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті.

Тағылымды шара «Әлемді ғылым құтқарады» атты ғылым айлығына орайластырылған. Рухани кеш Сыр өңірінің мұнай-газ саласына еңбегі сіңген тұлға Ғалым Баймановқа арналды. Жаңа еңбекте «Құмкөл» кен орнын игерудегі қиындықтар мен мұнайшылардың қажырлы еңбегі қамтылған. Қырық жыл ішінде мұнай-газ саласына енгізілген жаңашылдықтар, тарихи деректер мен ардагер мұнайшылардың естеліктері кітапқа негіз болып отыр. Кеш соңында кітаптың тұсауы кесіліп, оқырманға ұсынылды.

 НҰРЛЫБЕК МЫҢЖАС – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мұнай саласының ардақтылары деген үлкен серия. 169 кітап шыққан. Соңғы серия Ғалым Баймановтың өмір баянына қатысты кітаппен аяқталды. Мұнай газ саласына сіңірген еңбегі,адам ретінде қадір қасиеті,ғалым,зерттеуші ретінде атқарған қызметі осы кітапқа арқау болды. Ғалекеңнің тұлғалық ерекшелігі маман ретіндегі ерекшелігі Қызылорда облысынан шыққан алғашқы мұнайшы - инжерлердің бірі. біздің университетімізде 1996 жылы мұнай- газ факультетінің ашылуына үлес қосып түрлі демеушілік жағдайларын жасады. Міне осындай тұлғалы азаматтар қалсын деген ортақ ой

 ҒАЛЫМ БАЙМАНОВ – МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

 Биылғы Құмкөлді игерудің 40 жылдық мерекесіне арналған кітап. Осы кітапты негізгі алдына қойған міндетіміз алғашқы мұнай кенішінің ашылуы,одан кейін осы жерде ашылған мұнай компанияларына сипаттама беру. Басқа кеніштер қалай ашылды. Өйткені оны барлаудан соңғы мұнай өңдеу заводттарына дейінгі процестер қалай болатынын.00:04:26 Осы Оңтүстікте мұнай индустриясының дамуы әрі қарай оның жалғасуы осы туралы жазылған.