#qyzylordatv

Облыс орталығында велоспорттан Әлем чемпионы КСРО- ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін республикалық көпкүндік веложарыс басталды. Онда еліміздің 9 облысынан келген велошабандоздар топқа түсуде.

 26 сәуірден бастау алған көпкүндік веложарыс өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл – турнирдің 24-ші мәрте ұйымдастырылуы. Жасөспірімдер арасындағы сайыста еліміздің әр түкпірінен келген 110 спортшы бақ сынауда. Велошабандоздар жарыстың алғашқы күнінде 60 шақырымдық топтық сайыста сынға түссе, екінші кезеңде 15 шақырымдық жекелей жарыста өзара мықтыны анықтайды. Үшінші кезеңде 90 шақырымды топ болып жүріп өтеді. Ал, шешуші сайыста 40 шақырымдық критериум бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталады. Турнир сәуір айының 29-на дейін жалғасады.