#qyzylordatv

АҚШ-тың танымал геномика саласының ғалымы, Аризона геномика институтының директоры, профессор Род Винг Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың ғылыми және агроөнеркәсіптік әлеуетімен танысты.

Жұмыс сапары аясында ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми-зерттеу базасын көріп, заманауи зертханалық жұмыстармен танысты. Ғалым жергілікті мамандармен геномдық селекция және күріш шаруашылығын дамыту бағыттарын талқылады.

     Сондай-ақ Род Винг облыстағы ірі күріш өңдеу кәсіпорындарының бірі – «Абзал и К» өндірістік кешенінде болды. Ол толық автоматтандырылған күріш өңдеу желісін, цифрлық басқару жүйесін және күн электр станциясы арқылы енгізілген «жасыл» технологияларды көріп шықты. Бұдан бөлек, ғалым «Мағжан и К» серіктестігінің егіс алқаптарында болды.