#qyzylordatv

Және бір ақжолтай ақпар! Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қызылорда облысының жас былғары қолғап шеберлері ел мерейін үстем етті. Байрақты бәсекеде Сыр спортшылары жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аян Бауыржан финалдық кездесуде өзбекстандық Улмасбек Сатимовпен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Аян құрлық додасының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Байрақты бәсекеде асығы алшысынан түскен жерлесімізді қызылордалықтар сән салтанатымен күтіп алды.