#qyzylordatv
Аймақта байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Жиында телекоммуникация саласының дамуына үлес қосып, халықты сапалы интернетпен қамтамасыз етіп жүрген мамандар марапатталды.
Бүгінде еліміз бойынша «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында барлық ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамту жоспарланған. Соның ішінде облыста 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, аймақтағы 223 елді мекеннің 208-і мобильді интернетке қосылған. Мұнан бөлек, облыстағы автомобиль жолдарының бойына 9 антенна-діңгек құрылғысы орнатылады. Оның алтауы «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы жолға, үшеуі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында салынады.
ҚАНАТ СЫРЛЫБАЕВ, «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Біз именно осы жолдарға үлкен құрылғыларымызды қойып жатырмыз. Сол арқылы бүкіл Қызылорда сапалы интернетпен қамтылады. Жылдың аяғына дейін жобаны бітіріп, жұмысты бастаймыз. Келесі жылдың аяғына дейін қосалады...
Байланыс қызметкерлерінің мерекесіне арналған жиында сала мамандары мен ардагерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
ТЕМІРБЕК БАЛЫМБЕТОВ, БАЙЛАНЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Бүгінгі күнде Қазақстанның байланыс саласы өте жоғары деңгейде деп ойлаймын. Оған енді біздің күнделікті пайдаланып отқан ұялы байланыс телефондары, талшықты оптикалық байланыс куә....