#qyzylordatv

Байланыс күніне орай облыс орталығында «Интернет желісіне Free Wi-fi қолжетімділігі» атты жобаның салтанатты ашылуы өтті. Енді тұрғындар мен қала қонақтары ноутбук пен ұялы телефон арқылы орталық алаң мен Арбатта жоғары жылдамдықтағы тегін WI-FI интернет желісін пайдалана алады.

 Орталық алаң және Арбат – енді тек демалыс орны ғана емес, заманауи цифрлық мүмкіндіктер алаңына айналды. Қоғамдық кеңістіктерді цифрландыру бағытындағы жоба аясында ашық Wi-Fi желісі іске қосылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен және «Транстелеком» компаниясының қатысуымен жүзеге асқан. Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов жобаның маңызын атап өтті.

 АРНҰР НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Негізгі мақсат орталық алаңымыз арбат атанып кеткен саялы аумағымызды тегін интернет желісіне қосу шарасында бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің жолдауында тұрғындарды интернет ресурстарымен тұрғындардың интернет ресурстарға қолжетімділігін арттыру бойынша бастамасын көтерген болатын осы бастама аясында нақты іс-шараларын жоспарын бекітуді тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен және транстелеком акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандум нәтижесінде тұрғындарымыз тегін,сапалы, әрі жылдам интернет желісіне қол жеткізіп отыр. Бұл өз кезегінде жалпы ақпаратқа тегін қол жеткізуге,өзара байланысты реттеуге барлық ресурстарды тиімді пайдалануына мүмкіндік болып отыр.

Мамандардың айтуынша, орнатылған жүйе бір мезетте мыңдаған қолданушыны жоғары жылдамдықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 ҚАНАТ СЫРЛЫБАЕВ, «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Жалпы опен уайфай біздің халық үшін өте жақсы сый деп ойлаймын. Өйткені, қазір интернет тек қана байланыс құралы емес ол бойынша адамдар қазір оқи алады, жұмыс жасай алады,кәсібін жүргізеді, бір-бірімен байланыста болады, адамдарды біріктіретін нәрсе ғой интернет деген адамның өмірінде маңызды бөлігіне айналды. Сол себепті транстелекомның атынан біз осы халыққа осындай сый жасап жатырмыз. Бұл жоба тек қана 1 айда, 1 күнде бітіп қалмайды.Бұл постоянно біздің алаңда жұмыс жасап тұрады.

 Жаңа жоба – қала тұрғындары мен қонақтары үшін цифрлық қолжетімділікті арттыратын маңызды бастама. Енді қоғамдық орындарда тегін интернет тұрақты түрде жұмыс істейді.