#qyzylordatv
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті. Күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек бюджетке енгізілген өзгерістерге байланысты хабарлама жасады. Депутаттар тарапынан көтерілген ұсыныстарға тоқталып, қолдау тапқан мәселелерді атап өтті.
СӘКЕН МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Садық Шоңмұрынұлының сұрағына сәйкес барлығы алты сауал жоданып, үшеуін қабылдап отырмыз. Кейден ауылдық округінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыруының және Келінтөбе аулында биыл жылы жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыруының штаттарын ұстап тұру үшін; «Мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы қолдау тапты...
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған мәселе депутаттар тарапынан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді. Осы орайда Данияр Жаналинов бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы керектігін айтып, өңірде қолға алынған барлық бастамалар мен жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.