#qyzylordatv

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев «Достық үйінде» зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. Өз кезегінде түрлі сала ардагерлері облыс әкімін құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде қаламызда 300 орындық көпбейінді аурухана, 400 және 500 орындық екі емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, драма театр мен заманауи кітапхана құрылысы жүріп жатыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің «Қызылорда – Ақтөбе» бағытындағы жолын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңі қарқын алды. Ал «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша облыс аумағынан өтетін 189 шақырым жолдың құрылысы жақын күндері басталады. Жиында аймақ басшысы соңғы төрт жылда атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ

 4 жылдың ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Ең басты экономиканы айтсақ, 4 жылдың ішінде 107 пайзға өсіпті. Енді шыны керек, қазір мұнай саласы өте төмен деңгейде екені барлығымызға белгілі. Соған қарамастан экономикаының 107 пайзға өсуі ол өте қарқынды.

 Сыр медицинасында да серпін бар. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шалғай ауылдарда жаңадан амбулаториялар бой көтеріп, аудандық ауруханалар соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен жабдықталуда. Дегенмен мамандарды қынжылтатын мәселе бар.

ТҰРҒАНБАЙ МАХАНОВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Өкінішке орай бұ қазақ құлағанда келеді ғой. Құлап, мен ауырып қалдым деп. Оны қалай жазасың. Міне осы бізді құртатын. Бірінші байлық денсаулық.

Жиында мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, облыстың құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, ақын Шаһизада Әбдікәрімов сөз сөйлеп, жемісті жұмыс пен жағымды жаңалықтардың көп болуына тілектестігін білдірді.

БАҚБЕРГЕН ДОСМАНБЕТОВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Сізге сабыр мен парасат, қайрат пен кемелдік тілейміз. Елдің игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын. Халықтың алғысы ең үлкен марапат. Сол абырой биігінен көріне беріңіз деп айтқым келеді.