#qyzylordatv
Бүгін Үкімет отырысында газ саласын дамыту жайы талқыланды. Селектордан соң облыс әкімі Мұрат Ергешбаев күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
Бүгінде елді газдандыру деңгейі 64,2 пайызды көрсетті, табиғи газ қолжетімді халық саны 13,1 миллион адамға жеткен. Ал аймақтағы көрсеткіш қалай? Жиында аймақ басшысы облыстағы кейбір аудандардың көгілдір отынға қосылу деңгейі әлі де төмен екенін айтты.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Кейбір аудандарда газдандыру үлесі өте төмен. Атап айтқанда Арал ауданында газға қосылған елді мекендер үлесі небәрі 8,2 пайызды құрайды. Жалағаш ауданында 17.6 пайызды құрайды. Қазалы ауданында 19 пайыз. Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне елдімекендерді газдандыру жұмыстарын күшейтуге тапсырамын. Газдандыру бойынша жаңа жобаларды сапалы әзірлеп,оларды қаржыландыру бойынша ұсыныстарды енгізіңдер.
Өзекті мәселенің бірі сұйытылған мұнай-газ мәселесі. Облыс әкімі мәжілісте газдың тұрғындарға қолжетімді болуы керегін баса айтты. Сондай-ақ, бекеттердегі қауіпсіздік қаперден шықпауын тапсырды.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Кәсіпкерлік басқарма, қала, аудан әкімдері тұрғындарды сұйытылған газбен қамтамасыз ету жұмыстары әрдайым тұрақты бақылауға тиіс. Сұйытылған газ көлемі қажетті деңгейде болуы ұйымдастырылып, бекеттерде газды шектеусіз сатумен, техникалық қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстаңыздар.Әсіресе техникалық қауіпсіздікті.