#qyzylordatv 

Аймақта алғаш рет корпоративтік менеджментті жетілдіру, білім беру қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша өңірлік форум өтті. 


 Заманауи басқару жүйесі және озық технологиялар талқыға түскен жиында 50-ге жуық сала маманы тәжірибесімен бөлісті. Оның ішінде корпоративтік басқару, ішкі аудит, комплеанс және жасанды интеллект технологияларын енгізу сынды мәселелер талқыланды. Форумды Ғылым және жоғары білім министрлігі, облыс әкімдігі және университеттің директорлар кеңесінің қолдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырды.


 НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРЫ

 Жаңа Конститиуция күшіне енгеннен кейін конституциялық құрылымдарға байланысты өзгерістер басталды. Мемлекеттік билік жүйесінде өзгерістер басталды. Нақты бір көрінісі қос палаталы Парламенттің тарап, құрылтайға сайлаудың жариялануы. Жалпы айтқанда басқарудың методикасы да өзгеретін болуы керек. Өйткені қоғамдық қатынастардың методикасы өзгеріс үстіне түсіп отыр. Сондықтан бүгінгі форум бізге көп мүмкіндік береді және Конституция аясында конституциялық мәдениетті қалыптастыруға бастама болатын форум деп ойлап отырмыз.


 ЖӘРДЕМ ҚҰРМАНҒАЗИЕВ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

 Біз бүгін өте маңызды сұрақ корпоративтік басқару жайын талқыладық. Бұл не үшін қажет? Біз қайда бара жатырмыз? Жалпы, қазір әлемде қандай үрдіс бар. Бұл тенденциялар әлемде не үшін пайда болды және артта қалмас үшін біз осы тенденциялар арасынан қалай дұрыс бағытты таңдай аламыз? Айта кету керек, бүгінде Қазақстан қарқынды даму үстінде.


 Спикерлердің айтуынша, форум корпоративтік басқарудың сапасын арттырып, ұжымдағы бірлескен жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді.


 БАЯНӘЛІ ДОСЖАНОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ІТ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

Форумның қорытындысында еліміздің жоғары оқу орындарында ЖИ енгізу мәселелері, корпоративті басқару,оның ішінде тәуекелдерді азайту мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар қабылданатын болады.

 

Мұнан кейін форум тақырыптық секциялық отырыстарға жалғасты. Айта кетейік, сала мамандарының басын қосқан жиын кәсіби пікір алмасуға, үздік тәжірибелермен бөлісіп, корпоративтік басқару мен цифрлық трансформацияны дамыту бағытындағы жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.