#qyzylordatv
Елорда күніне орай Қызылордада «Астана – болашаққа бастаған қала» атты мәдени-көпшілік шара болды. Президент саябағында ұйымдастырылған мерекелік кеште көпшілік назарына концерттік бағдарлама, кітап көрмесі және жергілікті қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі ұсынылды.
Президент саябағында өткен мерекелік кешке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Астана туралы әндер шырқалып, жиналған жұртшылық өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
Амфитеатр сахнасында қала өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдар патриоттық және эстрадалық әндерді орындап, мың бұралған би композицияларын ұсынды. Сонымен қатар саябақ аумағында жергілікті қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы бұйымдар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен кәдесыйлар көпшілікке таныстырылды.Кітап көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын туғызды.
ҚУАНЫШ АХМЕТҚЫЗЫ, «ҚУАНЫШ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Астана күнімен бүкіл қала жұртшылығын, қонақтарды құттықтаймын. Астанамыз, елордамыз қандай гүлденсе біздің Қызылордамыз да күннен күнге жақсарып жайнап гүлденіп жатыр.
НҰРГҮЛ ТӨЛЕУБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Біз үшін бұл үлкен қуаныш деп айтуға болады. Ел көреміз, халық көреміз.
Осылайша, Астана күніне арналған мерекелік кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, елордаға деген құрмет пен ел бірлігін айшықтады.