#qyzylordatv
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлері Сыр елінде. Ұлттық домбыра күніне ұйымдастырылған «Қазақтың жаны – домбыра» атты көрмеде маңғыстаулық өнер иелеріне тиесілі жәдігерлер таныстырылды.
Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі қонақтарды «Адай» күйімен қарсы алды. Бұл – екі аймақтың мәдениетін тоғыстырған, тарихымыз бен мәдениетіміз айшықталған маңызы зор көрме.
ЭЛЬВИРА АБЛАНОВА – Ә.КЕКІЛБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгін біз қазақ руханиятының қос алып мектебі Сыр бойы мен Маңғыстау өңірін мәдени мұра арқылы байланыстырып отырмыз. Екі өлкеде халқымыздың жыршылық, жыраулық және күйшілік дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген қасиетті мекендер. Домбыра халқымыздың сан ғасырлық тарихын, арман мұратын, елдік рухын сақтап келген қасиетті мұра.
Шарада Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директорына алғыс хат табыс етілді. Көрмеде Маңғыстау күйшілік мектебінің өзіндік ерекшелігі мен бай мұрасы насихатталуда. Ұлт мұрасына баса мән берілген шарада көпшілік ұстаз бен шәкірттің күй тартысына құлақ түрді.
Көшпелі көрмеге 100-ден астам экспонат қойылды. Оның ішінде 19-20 ғасырларға тиесілі тарихи домбыралар, жыраулар мен күйшілердің жеке заттары, қолжазбалар мен сирек фотосуреттер бар. Соның бірі – жырау Қашаған Күржіманұлының 150-160 жылдық тарихты қамтитын домбырасы.
БАҚЫТЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ – Ә.КЕКІЛБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Алдарыңызда Қашаған Күржіманұлының өзі қолданған домбырасы. Биыл Адайдың бес жүйрігі атанған бұл жыраудың туғанына 185 жыл толып отыр. Аталған домбыра 5 жыл бұрын ғана біздің музейіміздің қорын толықтырды.Ол кісінің ұрпақтарынан музей қорына алынған болатын.Жалыпы Қашаған деген кезде қазақтың жыршылық әлемі алып жыршыны, мықты жырауды таниды. Өйткені домбыраның дінмен байланысы, және оның адалдығы, қадірі мен қасиетін жырлап өткен қазақ жыраулар мектебіндегі жалғыз жырау. Тек қана шанағына өзгерістер енгізіліп, бірақ қалған бөлігі толыққанды сақталған.
Бабалар қалдырған бай мұраның көбі бізге домбыра арқылы жетті. Қазақ пен домбыраны бөліп-жарып қарай алмайтынымыз да сондықтан. Ал бұл көрмеден тарихы терең аспаптың түр-түрін кездестіре аласың.
ЖАНМҰРАТ СЕЙІЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біздің аймағымызда мәдени мұраны насихаттауға байланысты музей тур, экспонаттар экспедициясы деген жобамыз бар. Бұл жобаныңы асяында біздің өңірлер мен бір-бірімен тәжірибе алмасу, көрмелердің алмасуына байланысты кезекті көрмеміз. Бұл көрме Ұлттық домбра күнімен тұпа тұсы келіп отыр. +Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дейміз. Бұл біздің рухани сиптамыз ретінде көрінеді домбыра.
Мұнан кейін облыстық тарихи өлкетану музейінің директорлары өзара ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында меморандумға қол қойды. Ал, бұл көрмені 3 тамызға дейін музейден тамашалауға болады.