#qyzylordatv 

Қызылордалықтар тұтынып отырған ауыз судың сапасы қандай? Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Күн тәртібіндегі жәні бір мәселе - коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану.


 Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - ең маңызды стратегиялық міндет. Су ресурстарының тапшылығы және инфрақұрылымның тозуы мәселені басты назарда ұстауды талап етеді. Облыс орталығында бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, сумен жабдықтау нысандарына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуге жіті мән беріліп келеді. Жиында орталықтандырылған ауыз су көздерінен алынған санитариялық-химиялық, микробиологиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша сынама нәтижелері жарияланды. 


БЕЙБІТ БИДАШ – ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Санитарлық - көрсеткіштер бойынша 20 ... бұл бойынша тиісті шара...жауапты мекемеге хат жолда, залалсыздандыру ..қаріщгі таңда анықталған кемшіліктер бойынша залл жүргізілген.


Аталған мәселе депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, су сапасын тұрақты бақылау, оны залалсыздандыру, инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдау, халықты уақытылы ақпараттандыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.