#qyzylordatv
Соңғы бір аптада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел ішек инфекциясымен 90 науқас түскен. Оның ішінде қауын-қарбыздан улану фактілері де бар. Жалпы, бақша өнімдерін сатып аларда сапасына қаншалықты мән бересіз? Ал, жаздың ең дәмді дақылы қарбызды қалай таңдайсыз? Осы сауалдарға жауап іздеген әріптесім Елдос Асан сапалы өнім таңдаудың сырымен бөліседі. Сюжетке зер салайық.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ
Күн ысыған сайын қауын-қарбыздың да саудасы қыза түсуде. Базарға келген бұқара дәмі тіл үйіретін өнімді таңдау үшін түрлі тәсіл қолданады. Бірі осылай қағып, енді бірі ортасынан пышақпен жарып көреді. Ал шын мәнінде сапалы қарбыз таңдаудың сыры қайсы? Сатушылардан сұрап білейік.
Он жеті жастағы Қазихан Мейірханов жаз бойы осы кәсіппен айналысады. Базарда қауын-қарбыз сатып, ағасына қолғабыс етеді. Бізге қарбызды тіліктеп отырып, дәмді дақылды қалай таңдау керегін айтып берді
ҚАЗИХАН МЕЙІРХАНОВ – САТУШЫ
Мысалға мына қарбызды алатын болсақ, (ұрып көреді) қатты пісіп кеткен қарбыз секілді. Ол жарамайды. Ал мынау битіп ұрған кезде әдемі, күшті. Бұның пәлегіне де қарайды. Пәлегі жап-жасыл, свежый. Ол піскен деген сөз. Ал, қурағандары пісіп кеткен есебі. Сосын тағы, мына сарғайғандары піскен. Әдемі болады.
Иә, бұл тәсілдер бақша өнімдерінің балбырап піскенін білдіргенімен, оның бойындағы химиялық қоспалардың шекті көлемін көрсетпейді. Сондықтан, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарын шақырып, өнімнің қауіпсіздігін техникалық тұрғыда тексеріп көрдік. Арнайы құрылғыда қарбыздағы нитрат деңгейі 50-ді көрсетіп тұр. Бұл талапқа сай, дейді мамандар. Десе де, жемісті қолданар алдында бірқатар сақтық шараларын ескерген жөн.
МЕРУЕРТ БИТАСОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Өздеріңіз байқағандай нитрат тестер көрсеткіші бойынша 50 миллиграммды көрсетіп тұр. Негізінен заңнама талаптарына сәйкес жалпы қарбызда бізде норма бойынша көрсеткіш 50-60 миллиграммды құраса, қауында 90 миллиграммды құрауы керек. Бақша дақылдарының табиғи мерзімде тұтынған абзал негізінен Қызылорда облысында қауын қарбыздың пісу мерзімі ол шілде айының екінші апталығынан бастап басталады. Үйге әкелгеннен кейін өнімнің сыртын мұқият жуып, одан бөлек тоңазтқышта тепреатура режимін қалпына келуін сақтап, одан кейін тұтынуды кеңес береміз.
Ал соңғы бір аптада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел ішек инфекциясымен 90 науқас түсскен. Бұл – бау-бақша өнімдерін абайлап тұтыну керек дегенді білдіреді.
МЕРУЕРТ БИТАСОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Тұрғындардан нақты нитратпен, қауын-қарбыз өнімдерімен, бақа өнімдерімен улану фактілері бойынша 90 науқас қаралған. Оның ішінде зертханалық зерттеулермен барлығынан анализдер алынып, сынама нәтижесі теріс көрсеткішті көрсетті. Бақылау сапасына келетін болсақ өнімді алғаннан кейін міндетті түрде тұғындарға, тұтынушыларға маман ретінде кеңесіміз, алынған өнімнің сапа сәйкестігін растайтын сертификатын талап ету, зертханалық сынамалар алу барысында нитраттардың, песцецидтердің және басқада қауіпсіздік көрсеткіштердің номативке сәйкес болуы тұрқты түрде мониторинг барысымен жүргізіліп отырады.
Базар бағамын да шолып шықтық. Қарбыздың келісі 120-150 теңге аралығында сатылуда. Ал, қауынның бір данасы 1000-1500 теңге. Бағаға қатысты тұрғындардың пікірін білдік.
Бағамдасақ, қалтаға қонымды болса қарапайым халық нитрат, пестицид деген мәселемен басын ауырта бермейді. Шіліңгір шілдеде қауын-қарбыздың саудасын қыздырып жатыр