#qyzylordatv
Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемдесетін жеке көмекшінің қызметіне байланысты заң талаптарына өзгеріс енеді. Енді қызмет көрсетуші, қызмет алушы және жергілікті атқарушы орган арасында 3 жақты шарт жасалады.
Өзгерістер мен толықтырулар 19 шілдеден бастап күшіне енеді. Атап өту керек, жеке көмекшінің қызметі жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалады. Бүгінде аймақта мұндай санаттағы адамдар саны 4300-ден асатын болса, олардың ішінде 2400-ден астам тұрғын жеке көмекшінің қызметіне жүгінеді.
ГҮЛШАТ ӘБДІХАЛЫҚОВА – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Заңнамадағы негізгі өзгерістер бұрын күніне 8 сағаттан артық емес болса, қазір 1 айда 60 қызметтен артық емес қызмет көрсетіледі. Яғни 1 қызмет АЕК 54,56 пайызымен есептеледі. Бұл дегеніміз төленетін қаржының көлемі өзгермейді.Дәл бұрынғыдай қалады. Бір айда 141 мың 583 мың теңге болса, солай қаржы көлемі қалуда. Және жеке көмекшінің қызметі еңбекақы болып табылмайтындығы және еңбекақыға байланысты төленетін коэффициенттер айқын көрсетілген қағидада. Негізгі өзгеріс 3 жақты шарт жасалады. Қызмет көрсетуші, қызмет алушы және жергілікті атқарушы орган.