#qyzylordatv
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстандағы Мажарстанның Бас консулы Саболч Карой Сөкемен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мажарлық UBM Group компаниясына Қызылорда облысында құрама жем өндіретін зауыт салу ұсынылды.
Облыста еліміздегі күріш пен ас тұзы өндірісінің 90 пайыздан астамы өндіріледі. Сонымен қатар мал, құс және сүт шаруашылығы дамып келеді. Соған сәйкес құрама жемге сұраныс артып отыр.
Аймақ басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы серіктестік байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта компания елімізде тағы екі зауыт салу жобасын қарастырып жатыр. Біздің өңірімізде HarvestAgro компаниясының қатысуымен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында жылына 150 мың тонна жүгері мен 40 мың тонна соя өндіру жоспарланған. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін жеткізді.