#qyzylordatv
Өңірде аптап ыстықтың сақталуына байланысты су айдындарында демалушылар саны артты. Осы орайда қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Себебі жыл басынан бері қала аумағындағы су айдындарында 6 адам қаза болды. Оның екеуі – бала.
ЕЛДАР ЕСЕНГЕЛДИЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Бізде 16 белгіленген аймақ бар яғни суға түсуге рұқсат етілмеген аймақтар. Ол жер қауіпті болып саналады. Себебі, ол жерде судың асты белгісіз, қандай қауіпті заттар бар,өткір заттар бар және оның суы таза ма, таза емес пе және тазартылмаған тексеріс жүргізілмеген және де түрлі тереңдігі бар сол сияқты қауіпті мәселелер туындайды. Қазіргі таңда 6 оқиға тіркеліп отыр жыл басынан бері, айта кетсек 2 жасөсіпірім бала.
Осы күндері төтеншеліктер, полицейлер мен еріктілер профилактикалық рейдке шығып, тұрғындарға жадынамалар таратуда. Дегенмен, «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгілеріне қарамастан, жабайы жағажайларда суға түсушілер әлі де кездеседі. Кейбір аумақтарда ескерту белгілерінің бүлінгені де анықталған. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өміріне қауіп төндіреді.