#qyzylordatv #заңментәртіп
Жазғы демалыс – балалар үшін қызықты кезең. Дегенмен дәл осы уақытта олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет. Осыған байланысты өңірде профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Жазғы демалыс басталғалы ювеналды полиция қызметкерлері рейдтік шараларды күшейтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылуда. Рейд барысында түнгі уақытта көшеде және компьютерлік клубтарда жүрген жасөспірімдер анықталды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз жұмысқа тарту дерегі де тіркелді.
АРУЖАН ҚАЙСАРИЕВА – ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
Рейдтің негізі мақсаты - кәмелетке толмағандармен түнгі және кешкі уақытта жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу. Оларға қарсы жасалатын қылмыстық қолсұғушылықтың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланатын обьектілерді анықтау.
Жаз мезгілінде қауіп тек көшеде емес. Өңірде балалардың терезеден құлау жағдайлары мен судағы жазатайым оқиғалар көбейген. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, балаларды қараусыз қалдырмауға және тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға шақырды.
МЕРЕЙ РОМАНҚҰЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Қазіргі таңда ауа-райының күрт ысуына байланысты суға түсу жағдайлары жиіленіп отыр. 9 жағажай бар. Тұрғындарға айтып өтетініміз барлық түсуге тыйым салынған орындарға суға түспеуге шақырамыз. 01:10 Ескертетініміз – балаларды қараусыз қалдырмау және де көзден таса қылмау суға түскен жағдайда белгіленген орындарға суға түсуді талап етеміз.
Жаз айларында жеткіншектер емдеу мекемелеріне жиі жарақатпен түседі. Көбіне мұндай жағдайлар велосипед, самокат, ролик тебу кезінде немесе ойын алаңдарында болған.
ДӘУІРЖАН ЫДЫРЫС – ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ОРТОПЕД-ТРАВМАТОЛОГЫ
Баланы қараусыз қалдырмау және баланы балаға қалдырмау. Ең бірінші жарақат болғаннан кейін момент жарақат болғаннан кейін жедел-жәрдемге хабар беру және жедел жәрдем келем дегенше баланы тынышталдыру. Жарақат алғаннан кейін баланы міндетті түрде жарақат бекетіне келіп көрсетіп,рентген түсіріп дәрігер кеңесін алған өте абзал болып табылады. Сынық шығулардың кезінде жабық түзету жасалынады сынықшылар тарапынан ол кездерде қан тамыр, жүйке жүйесі, қолдарының салданып болып қалуы мүмкін және сүйектің дұрыс бітіспеуі үлкен асқынуларға алып келуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан оларды қараусыз қалдырмай, бос уақытын бақылауда ұстап, қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отыру маңызды.