#qyzylordatv #заңментәртіп 

Жыл басынан бері облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 1350 іс қаралды. Соның ішінде даулардың бірқатары бітімгершілікпен шешілген.


 Әлеуметтік жанжалды алға тартып, бірін-бірі сотқа сүйреу екі тарапқа да тиімсіз. Ал, мәселені бітіммен шешу қай жағынан да оңтайлы, дейді экономикалық сот төрағасы Бақытбек Елшібеков. 


БАҚЫТБЕК ЕЛШІБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 

 Медиация неше жылдан бері қолданылып келе жатыр. Жыл сайын өзінің нәтижесін беріп жатыр. Судьяларға жүктемені азайтады. Бізге түскен кезде талап қоюлар медиацияға келетін санаттағы істерді міндетті түрде судья медиаторға беріледі. Ол әрі қарай түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сәйкесінше, осы жылдың 6 айында 200-ге жуық іс бітімгершілікпен аяқталды. Ол екі тарапқа да тиімді . Тапсырыс берушінікі тез қаралады. Жауапкер сот шығындарынан құтылады. Мысалы осы талап қоюлар бойынша медияцияға келу нәтижесімен 70 млн теңгеден астам мемлекеттік БАЖ қайтарылды.


 Есепті кезеңде судьялармен 29 азаматтық іс бойынша әр түрлі себеппен заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар мен мекеме қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарымдар қабылданған. Соның негізінде 16 ұйғарым бойынша айыппұл салынды. Сондай-ақ, мамандар сот ісін жүргізудің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған аумақтан тыс соттылық жүйесі оң нәтиже беруде, дейді.


 РОЗА ХИЗАТОВА – ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫ ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ Әр тараптар өзінің азаматтық процесті кодекстің талаптарына сәйкес, жергілікті жауапкердің орналасқан жері бойынша емес сол аумақтан бөлек тыста қаралуы қарастырылған. Ол бойынша тараптардың өтініші болса жеткілікті.