#qyzylordatv
Елуге жуық қария Байқоңыр қаласына саяхаттады. Олар алғаш рет ғарыш айлағында болып, «Союз МС-29» кемесінің ұшырылым барысын тамашалады.
Зымыран жерден көкке көтеріліп, айналаны жарқыраған сәулеге бөлеген сәтте ардагерлердің жүзінен мақтаныш, толқу және шынайы таңданыс анық байқалды. Аға буын өкілдерінің әрқайсысы үшін бұл күн өміріндегі ұмытылмас естелікке айналды. Мұндай тарихи сәтті тамашалау мүмкіндігін қалалық ардагерлер ұйымы ұйымдастырған. Бұл сапар туған өлкенің дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген азаматтарға көрсетілген құрметтің бір белгісі, дейді қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.
ӨМІРБЕК ШӘМЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл ардагерлердің енді бірінші іссапар емес. Қаланың көрікті жерлерін көріп жатыр, өндіріс орындарын да көріп жатыр. Біз қаланың ардагерлерін әр уақытта жақсы жерлерді көрсетуге жұмыс жасаудамыз. Касмодромға келгенде Қазақстанның «Бәйтерек» комплексін көріп жатырмыз. Ардагерлер көріп, қуанып жатыр. Косманавтардың ұшу сәтін көру бізге үлкен мәртебе болып жатыр.