#qyzylordatv
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы инвестициялық табыс инфляциядан төмен болған жағдайда, айырмашылықты мемлекет өтеп келді. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет тек шотқа нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.
Яғни, инфляция салдарынан қаражаттың құнсыздануы енді өтелмейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, бұл өзгеріс азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқарудың баламалы тетіктері қолжетімді болғандықтан енгізіліп отыр.
МҰРАТ ШӘРІПОВ, «БЖЗҚ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Бұл дегеніміз азаматтардың ай сайын алатын зейнетақы мөлшеріне ешқандай қатысы жоқ. Өзгерістің басты себебі бұл - қыркүйектен бастап, азаматтарымыз жинақтаған қаражатын толық басқарушы компанияларға аударып, болашақ инвестициялық табысын көтеруге, соны көбейтуге мүмкіндік алып отыр. Бүгінгі күнде 6 инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар қызмет атқарып жатыр. Ол туралы ақпарат enpf.kz сайтында бар.