#qyzylordatv
Қазалы ауданындағы Қожабақы ауылы мен Әйтеке би кентінде заманауи спорт кешендері ел игілігіне берілді. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында салынған қос нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, жұртшылықтың қуанышына ортақтасты.
Қожабақы ауылының тұрғындары бұл нысанды көптен күтті. Енді, міне, ауыл балалары заманауи спорт кешенінде жаттығады.
МИРАС ТОЙБАЗАР – СПОРТШЫ
Мен футбол үйірмесіне қатысқаныма 5 жыл болды. Мен өзім Қазалы қаласына барып дайндалатын едім. Енді, осы спорт комплексінде дайындаламыз. Бұйырса осында арнайы жасақ жасап, Қазалы, Республиканы бағындырамыз деген ойдамыз. Спорт комплексі заманаиу құрал-жабдықтармен қамтылған. Қожаба ауылының тұрғындары мен жастары өте қуанышты
Дәл осындай спорт кешені Әйтеке би кентінде де ашылды. Мұнда бір мезетте 150 адам жаттыға алады. Үстел тенисі, волейбол, шағын футбол, баскетбол, гандбол, күрес, дзюдо сынды спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған.
ЖАМБЫЛ ҚҰЛНАЗАРОВ – ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бұл балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін және әрбір бала өзінің таңдаған спорт түрімен айналысуға жоғары мүмкіндіктер қарастырылады. Кеше ғана біздің жерлесіміз бокстан Азия чемпионы болды. Ол Зарина Толыбай деген қарындасымыз. Сол сияқты осы залдан әлем, Азия чемпиондары шығады деген ниеттеміз
Қосы нысан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген. Бұл мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесі,-дейді мамандар. Бүгінде ауданда 38 мыңнан астам адам тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысады. Бұл Қазалы халқының 44,5 пайызын құрайды.
ОРЫСБЕК ЖАМШЕЙТОВ – АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазалы ауданы бойынша қазіргі таңда бұқаралық спортпен 44,5 пайыз айналысады. Кенттегі спорт кешенінде 500 ге тарта бала қамтылатын болады. Енді мына Қожабақы елдімекеніндегі спорт кешенінде 400 ге жуық бала спортпен қамтылады деп отырмыз.
Жылдан жылға аймақта жаңа спорттық нысандар көбейіп келеді. Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы маңызды жобаларды тілге тиек етті.
Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Ақтан батыр, Жаңқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елдімекендерінің халқымен кездесті. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікір тыңдап, инфрақұрылымдық жобалар туралы сауалдарына жауап берді.