#qyzylordatv 

Тақырыпқа тұздық. Қармақшы ауданында биыл 9 мың гектардан астам күріш алқабы лазерлік тегістеуден өтті. Егінге заманауи технологияны пайдалану арқылы шаруалар маусымдық кезеңде тіршілік нәрін 30 пайызға дейін үнемдеуде. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.


 Биыл қармақшылық диқандар белгіленген лимитке сәйкес, 25 мың 246 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның 11 мың 449 гектарына Сыр салысы егілген. Суды үнемдеу мақсатында шаруалар күріш көлемін өткен жылмен салыстырғанда мың жарым гектарға азайтқан. Оның орнына суды аз қажет ететін мал азығы мен майлы дақылдар, картоп, көкөністердің көлемін көбейтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындарға бақшалық жер телімдері берілген.


 ӘСЕТ ОМАРОВ – АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

 733 г дәндік жүгеріміз бар, 1027 гектар жаздық бидайымыз бар, 200 г арпамыз, 1182 г мақсары, 80 г сүрлемдік жүгеріміз бар, 140 г соя, 8577 г жоңышқа, оның ішінде ескі және жаңа жоңышқа болып бөлінеді. Суды үнемдеу техникалық бойынша 600 гектар жерді пайдалану жоспарланған. Тамшылатып суару тәсілі бойынша 19 г жерге орналастырылса, қалғаны жаңбырлатып суару тәсілі бойынша 581 г жерге мал азықтық дақылдарына пайдалануда. Ұжымдық бақша бойынша 2026 жылға бақша дақылдарын 426 г жер бөлінді. Бұл жерге 960 отбасы орналастыру жоспарланып, оның ішіне бақша, көкөніс, картоп дақылдары орналастырылды.


 Ауданда биыл 9 мың 242 гектар күріш алқабына лазерлік тегістеу жүргізілді. Енді 12 канал бетондалмақ. Қазір жоба-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.


ӘСЕТ ОМАРОВ – АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

Су министрлігі Дүниежүзі даму банкінен тиісті қаржы бөлінеді деп айтып жатыр. осыған сәйкес, жобалық-сметалық құжаттамаларды тез кіргізіп, тез экспертизадан шығару мақсатында біз шаруашылықтарға барып айтып жатырмыз. Мысалы, мынау сіздің каналыңызба 7 км осыны бетондау үшін өзіңіз ЖСҚ әзірлеп, экспертизадан шығарып берсеңіз, мемлекет тарапынан ақша бөлінеді.Соны біз 15-ші тамызға дейін ЖСҚ әзірлеп бітіруді жоспарлап отырмыз.


Қармақшыда «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Былтыр бағдарлама аясында 56 жоба қаржыландырылған.


 Және бір жаңалық, ауданда жалпы сыйымдылығы мың тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүріп жатыр.