#qyzylordatv 

Президент тапсырмасымен Қызылорда мен Ақтөбе аралығындағы екіжолақты автожолды төртжолаққа кеңейту жұмыстарының бірінші кезеңі жалғасуда. Жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында еңбеккерлер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті.  


Құрылыс алаңына 80 жұмысшы мен 60-тан астам арнайы техника жұмылдырылған. «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда қаласын айналып өтетін 26 шақырымдай айналма жол салып жатыр. Мұнда 4 көпір, 2 жол айрығы, 1 демалыс алаңы және 9 су өткізгіш құбыр салу жоспарланған. Қазіргі таңда жер жұмыстары, жол негізін дайындау және инженерлік құрылыстарды орнату қарқынды жүргізілуде.