#qyzylordatv
Спорт жаңалықтары. Оманның Маскат қаласында көгалдағы хоккейден өткен V Азия жастар чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Бұл спортта техника, жылдамдық және командалық үйлесімділік ерекше маңызға ие. Осы орайда құрама сапындағы жерлесіміз, «Қайсар» спорт клубының ойыншысы Зарина Ибраеваның да үлесі зор. Сондай-ақ талай шәкіртті тәрбиелеп жүрген клубтың жаттықтырушысы Малика Сражаддинованың еңбегін атап өту керек.