#qyzylordatv
Жолаушылардың қоғамдық көлікке көңілі толады ма? Қызылорда қаласының әкімі жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын бағалау мақсатында бірнеше қоғамдық көлік бағытының автобустарымен жүріп өтті.
Нұржан Ахатов қоғамдық көліктердің тазалығын, қозғалыс аралығының сақталуын тексеріп, жолаушылармен тілдесті.
Қазіргі таңда қалаішілік барлық автобус бағыттары аптап ыстыққа қарамастан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Күн сайын желіге шығар алдында автобустардың салоны тазаланып, дезинфекцияланады, техникалық жай-күйі мұқият тексеріледі. Ал қозғалыс кестесінің сақталуы диспетчерлік қызмет тарапынан тұрақты бақылауда.
Жазғы демалыс кезеңінде жолаушылар ағынының азаюына байланысты бағыттардағы автобустар саны дәстүрлі түрде қысқартылады. Дегенмен, қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасына кері әсерін тигізбейді.