#qyzylordatv
Қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округіндегі жаңадан қоныстанған аймаққа электр желісі тартылуда. Мұнан бөлек, биыл бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, абаттандыру бағытында атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстар туралы ауыл әкімі журналистерге арналған брифингте баяндады.
Ақсуат ауылдық округінде бүгінде 12 мыңнан астам халық тұрады. Жыл өткен сайын қоныстанушылар қатары артып, тұрғындар саны көбейіп келеді. Осыған байланысты елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қолға алынуда. Атап айтсақ, 32 көшеге жалпы ұзындығы 22,5 шақырым болатын электр желілері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Махмутов, Жұмаев, Бәйтенов, Мәмбетов, Стамбеков, Құрманбаев көшелерін жөндеу үшін жоба-сметалық құжаты әзірленіп, қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұраным жолданған.
НҰРБОЛАТ БАҚЫТОВ, АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Наурыздың 11 көшесінің алты көшесі қиыршық таспен тұр. Сол алты көшеге ЖСҚ әзірленіп, түнгі жарығымен бірге бюжеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды. Қаражаттың бөлінуіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Демеушілік тарапынан 18 көшеге алты лот бойынша ЖСҚ әзірледік. Олда қазіргі таңда тиісті мекмелерге ұсыныс берілді....
Ақсуатта алты жүзден астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Яғни, ауылда бизнеске бет бұрғандар баршылық. Мәселен, өткен жылы 14 кәсіпкер түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алса, биылдың өзінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында бес жоба қолдау тапты.
НҰРБОЛАТ БАҚЫТОВ, АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 42,2 млн теңгені құрайтын 5 жоба екі жоба асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіру, жоба асыл тұқымды жылқы малын өсіру, өз –өзіне қызмет көрсететін көлік жуу және кілем жуу орталығы жобалары қолдау тапты....
Иә, ауыл тұрғындары қол қусырып қарап отырған жоқ. Бірі мал бордақылап, етпен айналысса, енді бірі бақша дақылдарын егіп, халықты табиғи өніммен қамтып отыр.