#qyzylordatv
Құрылтай сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес саяси партиялар үшін үгіт кезеңі басталды.
Саяси партиялар үгіт жүргізу барысында заң талаптарын қаперде ұстауы қажет. Бүгінде жергілікті әкімдіктің қолдауымен үгіттік баспа ілетін орындар айқындалған. Сонымен қатар алдағы уақытта саяси партия өкілдерінің сайлаушылармен кездесу кестесі жарияланады. Қазір жергілікті әкімдікпен аймақ бойынша 168 орын белгіленген.
АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Заңға сәйкес саяси партиялар үгітті 4 жолмен жүзеге асырады. Біріншісі БАҚ арқылы өзінің саяси бағдарламасын әртүрлі платформаларда жариялау арқылы жүзеге асырады. Екіншісі, үгіттік баспа материалдарын шығару және тарату жұмыстарымен айналысуға мүмкіндігі бар. Үшіншісі, сайлаушылармен кездесу өткізумен байланысты. Төртіншіс, онлайн платформамен байланысты. Әр бағыттың өзінің ерекшеліктеріне байланысты бағттары бар. Қазір орталық сайлау комиссясымен жергілікті БАҚ-тарды аккредиттеу аяқталды. +1.43 Сайлау туралы конституциялық өзгешелік – саяси партиялардың үгіт жүргізуге қатысты өз онлайн платформаларын қолдануға құқығы бар.
Дегенмен үгіт жүргізу барысында өзге партияның мүддесіне қайшы келетін контент түсіріп, жариялауға болмайды. Сонымен қатар аккредиттеуден өткен БАҚ өкілі әр партияға тең дәрежеде үгіт материалдарын ұсынуы тиіс. Эфир уақыты, баспасөздегі орын саны теңдік қағидатымен жүзеге асуы тиіс.