#qyzylordatv #заңментәртіп 

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. 


Акция аясында облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Әбдраманов тұрғындармен «Ауладағы қабылдау» форматында кездесу өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және өзге де мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акция аясында облыс аумағындағы 199 әкімшілік учаскеде тұрғындармен дәл осындай кездесулер ұйымдастырылды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірме мен кеңестер берілді. Ал қосымша зерделеуді немесе өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп қарауды қажет ететін мәселелер облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Акция 26 шілдеге дейін жалғасады.


ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ – ОПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Акцияның аты айтып тұрғандай азаматтар мен тұрғындарымыздың қолжетімділігін арттыру, ашықтықты қалыптастыру, халықпен тікелей диалог орнату мақсатында жүргіліп жатқан іс шара. Біз мынау Қызылорда қаласының Астана-2 шағын ауданында халықпен кездесіп, аулада қабылдап, мұң мұқтажын тыңдап жатырмыз. Ұсыныстарын айтып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы, жастардың тәртібі, ауладағы ішкі тәртіпке байланысты мәселелер көтеріліп жатыр. Әр көтерілген сұраққа тиімді жауап берілуде.