#qyzylordatv
Қызылордадағы "Қайсар-Арена" стадионы УЕФА-ның ең жоғары санатын иеленді. Яғни жаңа нысан Чемпиондар лигасының матчтерін, сондай-ақ ұлттық құрамалардың ойындарын, еурокубоктық турнирлерді өткізуге толық дайын, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, сәуір айында аренаға УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі өкілі Скотт Струзерс инспекциялық сапармен келіп, аренамен егжей-текжейлі танысқан болатын. Тексеріс пен есептерді талдау нәтижесі бойынша УЕФА «Қайсар Аренаға» ең жоғары төртінші санатты берді. Бұл санатты алу аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы және еліміздегі халықаралық футбол кездесулерінің географиясын кеңейтудегі маңызды қадам.