Негізгі Жаңалықтар Қарауылтөбеде дәрігерлік амбулатория салынады

Қарауылтөбеде дәрігерлік амбулатория салынады

#qyzylordatv 

Қала іргесіндегі Қарауылтөбе ауылдық округінде тозығы жеткен электр сымдары мен бағаналар жаңғыртылады. Сондай-ақ, көптен күткен дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Қазір нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, дейді ауыл әкімі. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.


Қарауылтөбе ауылының аумағы жылдан жылға ұлғайып, халық саны үш мыңнан асты. Дегенмен, ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт 700 адамға ғана қызмет көрсете алады. Ал, қалған тұрғындардың денсаулығы сыр берсе, қала орталығындағы емханаға барып көрінуге мәжбүр. Аталған мәселені ауыл халқы көптен бері көтеріп келеді. Биыл тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. 


ЕРКІН АХЕТОВ – ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Амбулаторияның мәселесін облыстық экономика басқармасыменен сөйлесіп отырмыз. Күнделікті қадағалануда. Жақын күндері ақша мәселесі шешіледі деп үміттеніп отырмыз. Сонымен шешілсе бізге дұрыс болар еді. Өйткені, ауылда 3049 адам тұрады. Соның 700-ін ғана қамти алады біздегі фельдшерлік-акушерлік пункті. Қалғандары қаладағы 6 емханаға баруға мәжбүр. Басқа амал жоқ. Бұрынғы ғимарат тар. Ол ғимаратты салған кезде ауылда 1024 адам тұрған. Ол кезде 204 қана үй болған. 2009 жылдары салынды. Қазір адамның өсімі көп. Аудандардан көшіп келіп жатқандар бар. Бұйыртса, жаңа ғимарат салынады. Оның жері бәрі дайын тұр.


Мұнан бөлек, ауылдағы жалғыз сыртқы трансформаторлық қосалқы станцияның да тозығы жеткен. 1970 жылдары жүргізілген электр желісі де сәл жел тұрса үзіліп, жарық жиі өшеді. Осыған байланысты биыл үш көшенің электр сымы мен бағаналары қайта ауыстырылып, жаңа трансформаторлық қосалқы станция орнатылмақ.


ЕРКІН АХЕТОВ – ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Тозығы жеткен бізде Құнанбаев, Амангелді Иманов және Әбдіхалықов көшелері 70 жылдардан бері жөндеу көрмеген ғой. Және оның бәрі бір трансформаторға қарап тұр. Оның өзі кеңес үкіметінен бері келе жатыр. Оны мердігер мекеме «Нұрай-Ақжол» мекемесі ұтып тұр. Қаржыны күтіп отырмыз. Биылғы жылы басталады.


 Қарауылтөбеде 28 көше бар. Соның 16-сы асфальттанған. Биыл тағы 7 көше қайта жаңғыртудан өтеді. Сонымен қатар, жаңадан қоныстанушы аймаққа түнгі жарық бағаналары орнатылып, аяқ су тартылады. Осылайша ауылдық округте әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. 


Бөлісу