Негізгі Жаңалықтар Газбен жүретін көліктер тексеріледі

Газбен жүретін көліктер тексеріледі

#qyzylordatv 

Шыны керек қазір газ қондырғысы орнатылған автокөліктерде жазатайым жағдайлар жиі тіркеледі. Осыған байланысты көлік министрлігі тарапынан техникалық байқау операторлары мен көлік иелеріне бірқатар талап қойылып отыр. Яғни енді автокөліктердің газ жүйесі мерзімді уақыты жеткенде арнайы аккредиттелген зертханада тексерілуі тиіс.


 Жалпы, газ-баллонмен жабдықталған автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу талабының нормасы өткен жылдан бастап күшіне енді. Дегенмен өңірде мерзімді сынақ жүргізуді жүзеге асыратын арнайы зертхана болған жоқ. Аккредиттелген заңды тұлға облыс орталығында жұмысын енді бастады. Демек, техникалық байқау операторлары мен автокөлік иелері заңнамада көрсетілген талапты толыққанды орындаулары тиіс. Облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы ұйымдастырған жиында осы және өзге де жаңашылдықтар айтылып, қауіпсіздік тетіктері сараланды. 

Бөлісу