Негізгі Жаңалықтар Қызылжармада 67 көшеге электр бағаналары орнатылуда

Қызылжармада 67 көшеге электр бағаналары орнатылуда

#qyzylordatv 

Қызылжарма ауылдық округінде жылдан жылға халық саны артып келеді. Жаңадан қоныстанушылар көп. Сондықтан ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға, оның ішінде әсіресе электр желілерін тартуға баса мән беріліп отыр. Қала іргесіндегі ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілі туралы тілшіміз Дәулет Сағит баяндайды.  


 Тоғыз жарым мыңға жуық халқы бар ауылдық округте биыл 14 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тағы төрт көшеге қиыршық тас төселіп, жол белгілері жаңармақ.


 АРМАН ТУЛЕНОВ – ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 

Ауылдық округтегі жол жөндеуді қажет ететін Батырбаев тұйығы, Бесарна, Тентекөзек, Қоңыртөбе көшелеріне жергілікті бюджеттен қаралатын 12,2 млн теңгеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу. Жергілікті бюджеттен қаралатын 4,0 млн теңгеге ауылдық округтегі орталық көшелерге 40 дана жол белгілерін орнату және жол таңбаларын салу жұмыстары атқарылатын болады. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету Қызылжарма ауылдық округіндегі автомобиль жолдарының ой шұңқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3,8 млн. тенге қаралып, ағымдағы жөндеу (ямочный) жүргізіледі. Жергілікті бюджеттен қаралатын 22,0 млн. теңгеге ауылдағы Абай көшесіне балалар ойын алаңының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.


  Шет аймақтағы көшелер де назардан тыс қалған жоқ. Мәселен өткен жылы қалалық бюджет есебінен бірнеше көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылса, биыл республикалық бюджеттен 1 млрд. 915 млн. теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 67 көшеге электр бағаналары орнатылуда. Ауылдық округте абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес.


 АРМАН ТУЛЕНОВ – ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге Қызылжарма ауылдық округінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету 20,1 млн тенге қаралып, мердігер мекеме тарапынан санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Жергілікті бюджеттен қаралған 22,0 млн. теңге Мердігер: «Ай-Дан» ЖК қаржыға ауылдағы Ұстабаев көшесіне балалар ойын алаңы жүргізіліп, құрылысы пайланауға берілді. 


 Биыл елді мекенде «Іскер» бағдарламасы аясында 2 жоба қолдау тапса, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 10 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылған.

Бөлісу