Негізгі Жаңалықтар Қазақстанда жасалған өнімнің көбейгені маңызды

Қазақстанда жасалған өнімнің көбейгені маңызды

#qyzylordatv 

Дүкенге кірген әрбіріміз «Қазақстанда жасалған» деп таңбаланған өнімді алуымыз керек. Неге? Солай біз елдің экономикасын өсіреміз. Ақшаны сыртқа кетірмеуге үлес қосамыз. Әрине, ол үшін тауар түрі көп, бағасы халыққа қолжетімді болуы шарт. Бүгін Үкіметте дәл осы мәселе, яғни отандық тауарларды қолдауда және ілгерілетуде атқарылған шаралар талқыланды. Сонымен қатар, аймаққа қатысты кадрлық өзгерістер таныстырылды.


 Көршілес Ресейдің Еуропамен шектесетін Калининград қаласында тұратын достарыма отандық брендке айналған «Қазақстан» шоколады мен қолдың құртын салып жіберейін десем, маған: «Айнұр, ол өнімдер біздің сөрелерде «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен толып тұр» дегенде төбем көкке жеткендей қуандым. Әрине, сауда сөрелерінде отандық өнімнің көбейгені жақсы, себебі мемлекеттің экономикалық дамуын жалпы ішкі өнімімен саралаймыз. Ал, жалпы ішкі өнім нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. Яғни, оның көлемі жоғары болса, мемлекеттің экономикасы қуатты болады. Егер жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі жоғары болса, онда ол мемлекеттегі өмір сапасы да жоғары деген сөз. Түсінікті болу үшін сәл тарқатып айтайық, қымбатшылық немен байланысты? Елде өндірілген өнімге емес, шет елден келетін тауарға басымдық беру салдарынан ақшамыз шетелге кетіп жатыр. Бәлкім, біреу бізде тауар аз дер, алайда Үкімет отандық тауар көлемінің айтарлықтай өскенін дәлелді цифрлармен жеткізіп отыр. Елде девальвацияның болмауына, ақшаның құнсызданбауына жол бермей тұрған, ол - отандық өнім. Отандық өнім шықпаса, шыны керек, біздің стратегиялық нысандар шетелге тәуелді болады. Осыны түсіну ммаңызды. Ал, кей пиғылы жамандар біздің өнімді өткізбеудің түрлі айла-тәсілдерін жасап жатыр, тіпті әлеуметтік желіде ақпараттық шабуалдар да жүруде, - деді Үкімет басшысы


Шыны керек, біздегі ірі компаниялар тауарды шет елден сатып алуға әзір тұрады. Сылтау мен себеп те айтылмай қалмайды. Маңыздысы, мемлекеттік сатып алудағы отандық өндірістің үлесін көтеру. Мемлекет отандық өнімді жасап отырған кәсіпкерлерге қолдауды арттырғаны абзал. Ол жоқ емес, бар, миллиондап емес, млрдтап.


 «Қазақстанда жасалған» ұлттық таңбасы жанында мекенжайы Қызылорда облысы мынадай ауданы, мынадай ауыл деп тұрса көзіңе қуаныш, ал өндіріске жұбаныш. Алдыңғы жылдары Қармақшы ауданында құс фабрикасы ашылғанда бір қуанып едік, оның тоқтап тұрғанын естіп, бір өкіндік. Мәселені зерттеу керек, қолдау қажет,- деді облыс әкімі


 Сауда сөрелерінің кем дегенде 50 пайызы отандық тауармен толығуы тиіс. Осы ретте сауда, логистика, аналитикамен айналысатын сала өкілдері өз кезегінде былай деп дерек берді.


 Облыс әкімі бөлінген барлық қаражаттың қаншалықты тиімді әрі нәтижелі бағытталғанына көз жеткізу үшін толыққанды зерделеу жүргізуді тапсырды. 

Бөлісу