Донорлық ағзалардың тапшылығы медицинада өзекті мәселеге айналып отыр
#qyzylordatv
Облыстық көпбейінді ауруханада ағза донорлығын қолдау, игi iс жасауға тұрғындарды шақыру мақсатында «Трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Жиында Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары Назгүл Жылгелдина мен республикалық трансплантациялық координаторы Лейла Исмағамбетова дәрігерлерге дәріс оқыды. Трансплантация саласындағы заманауи тәсілдер, донор мен реципиентті іріктеу қағидаттары, зертханалық және клиникалық сүйемелдеу мәселелерін жан-жақты талқылады.
ЛЕЙЛА ИСМАҒАМБЕТОВА, ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ КООРДИНАТОРЫ
Халықтың трансплантацияға, әсіресе қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа деген көзқарасы өте өзекті мәселе. Қоғамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты ұстанымы әлі де бірізді емес және екіұшты сипатқа ие. Бұған әлеуметтік, мәдени, этикалық және діни факторлар айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан халықтың көзқарасын зерттеу трансплантация жүйесін жетілдіру, заңнаманы дамыту және қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру үшін маңызды болып табылады