«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары үшін тренинг өтті
#qyzylordatv #тазақазақстан
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қызылордадағы «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары үшін тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еріктілік қызметті дамыту және қоғамдық белсенділігін арттыру.
Іс-шараға Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің басшысы Айбек Досымбетов қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Кездесуде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық қозғалысының маңызы түсіндіріліп, табиғатты қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысуы жөнінде айтылды.
Одан соң жастардың көшбасшылық қабілеті мен ұйымшылдығын дамытуға бағытталған «ATOM FUSION» интеллектуалдық тимбилдинг ойыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушылар волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларды талқылады.
АЙБЕК ДОСЫМБЕТОВ, ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ
Кездесудегі мақсат жалпы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында елімізде ұйымдастырылып жатқан қаншама шаралар жастармен кездесудегі мақсатымыз осы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында оның қағидаларын түсіндіру тек қана бұл қоқысты тазартумен ғана шектелмейді бұл қоғамдағы экологиялық мәдениетті, ой-сананы қалыптастыру бағытында түсіндірме жүргізіліп жатыр. Қазан айында Арал маңында арнайы экологиялық апталық өтеді сол жерде болып жатқан экологиялық мәселелердің сол жерде көтерілуі табанына сексеуіл отырғызу акциялары ұйымдастырылады.