Сыр еліне Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен келді
#qyzylordatv
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмасымен Қызылорда облысына жұмыс сапармен келді. Сапар барысында құрылыс нысандарын аралап, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен танысты.
Қызылорда облысы құрылыс өсімі бойынша жетекші аймақтың қатарында. Әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан зәулім ғимараттар алыстан менмұндалайды. Соның ішінде сәулеті ерекше тоғыз қабатты жаңа үйлер бар.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Президент саябағы аумағында 8,2 гектар аумаққа тұрғындарға жайлы әрі сапалы баспана салынуда. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл үйлердің сыртқы келбеті де ерекше. Жоба бойынша 945 пәтер қазан айында пайдалануға беріледі.
Нұрлыбек Нәлібаев Президент саябағы аумағында бой көтерген 9 қабатты 15 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жалпы құны 22 млрд теңге болатын бұл жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған. Бас мердігер – «Мелиоратор» серіктестігі. Тұрғын үйлердің 135-і бір бөлмелі, 540-ы екі бөлмелі және 270-і үш бөлмелі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл сала мамандарына қолдаудың жоғары екенін атап өтіп, соған сай әрбір нысан уақытылы әрі сапалы орындалуы керегін ерекше тапсырды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Ең бірініші Прездент берген тапсырмалар, Үкімет басшысы берген тапсырмалар соның бәрі уақытылы, сапалы орындалуы керек. Мына жобалар сол жобалардың қатарында. Сондықтан уақытылы әрі сапалы болуы керек. Қатаң бақылаңыздар.
Алаңда 600-дей қызметкер, 100-ден астам техника жұмыс атқаруда.
НАРБАЕВ ЕРКЕБҰЛАН – «МЕЛИОРАТОР» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Міне бірінші тұрғын үйлер аяқталып, яғни фасадтық жүйлері орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқаталып отыр. Бұл тұрғын үй замаауи материалдарымен жабдықталған, барлық аулалары, иненерлік жүйлері прак аумағында арнайы жабдықтармен жабдықталған. Құрылыс материалдарының барлығы Қазақстанда жасалған деп айтуға толық негіз бар.
Бұдан кейін Нұрлыбек Машбекұлы «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын көрді. Жалпы аумағы 26 мың шаршы метр болатын кешен құрылысы былтыр шілдеде басталған. Алдағы уақытта ғимараттың қасбеті заманауи сәулет үлгісімен безендіріліп, витражы берік шынымен қапталатын болады.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
«Қызылорда арена» спорт кешені аймақтағы ең үлкен спорттық нысандардың бірі болмақ. Мұнда қазір 450-ге жуық маман жұмыс істеуде. Бір ерекшелігі бұл нысанда 2500 келушіге арналған әмбебап спорт аренасы жұмыс істейтін болады. Ол халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Айта кету керек бұл нысан қазан айында ел игілігіне беріледі.
ҚАЙРАТ МӘМБЕТРЗАЕВ – ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
Арена 9 блоктан тұрады. Екі және бес қабаттан. Алдыңғы блокторда фитнес, күрес, бокс залдары қарастырылған. Бесінші блокта 150 орындық конйеренция залы, ортаңғы блокта әмбебап аренамыз, ол блокта баскетбол, футбол, фолейбол үйрімелері қарастырлған. Ол 2500 көрерменге арналған. Халықралық деңгейде орындалған. Сол жақ блокта 50 метрлік 10 жолақты бассейн орналасқан.