Негізгі Жаңалықтар Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

#qyzylordatv 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды. Шаһар басшысы Нұржан Ахатов жаңа прокурорды қала активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.


 Ерлан Алмазұлы 1984 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында, Алматы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған ол әр жылдары аға көмекші, бөлім бастығы, Павлодар облысы прокуратураларының басқарма прокуроры, Павлодар және Байқоңыр қаласы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаменті басқармасының аға прокуроры, Көкшетау қаласы мен Сырдария ауданының прокуроры, Бас прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған.

2024 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданының прокуроры лауазымында болды.



НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ 

 Өздеріңіз көріп жүрсіздер, қазір жергілікті органдармен бірлесіп осы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен соның ішінде прокуратура органдарының қызметкерлерімен бірге көптеген бірлескен шараларды ұйымдасқан түрде жұмыстарды атқарып жатырмыз. Қала тұрғындарының сенімі жауапты органдарға күннен күнге артып келе жатыр. Сондықтан прокуратура органдарының қадағалауының нәтижесінде заң мен тәртіпті үстемдігі орнап келе жатқанын да жақсы білесіздер. Ерлан Алмазұлына қызметте тәжірибесі мол. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлескен үлесін қосады деген сенімдеміз. Сәттілік тілейміз.


Бөлісу