Н.Нәлібаев: Ғимараттардың сапасы мен сырт келбетіне мән беру керек
#qyzylordatv
Сондай-ақ Үкімет басшысының бірінші орынбасары Президенттің қолдауымен сол жағалауда бой көтеріп жатқан жаңа емхана мен қалалық аурухананың құрылыс барысын көрді.
Нұрлыбек Нәлібаев алдымен бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта нысанның іргетасы қалануда. Келешекте көпсалалы орталықта амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, жалпы және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері орналасады. Бұдан бөлек, 50 төсектік күндізгі стационар, орталық стерилизация бөлімі, дәрілік қамтамасыз ету қызметі, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория және 200 орындық конференц-зал қарастырылған.
Ал 300 төсектік көпбейінді аурухана құрылысының бүгінге дейін 80 пайызы еңсерілген. Жоспар бойынша медциналық кешенде бір ауысымда 100 адамды қабылдайтын емханасы болады. Сондай-ақ, пансионат, операция, реанимация, химиотерапия және радиотерапия бөлімдері, физиотерапия, қабылдау және әкімшілік блоктары бар. Қазіргі уақытта абаттандыру және ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Екі жылдың көлемінде салынып жатыр. халық қанша күтті, сұрады. Халық үшін өте керек. 100 келушіге арналған емханасы бар, онкологиялық орталығы бар, 300 төсектік көпфункционалды аурухана біздің өңір үшін өте маңызды. Сондықтан ол өте сапалы болуы керек, әдемі, көрікті.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл жобаның жер көлемі 6 гектар болған. Оған кеше облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тағы 4 гектар қосылып берді бізге. Сол қосымша жерді біз толық абаттандырып, халық демалатын ыңғайлы орындар жасаймыз. Сквер, кішкентай парк болады, демалытын өзінің МАФ деген бар, балалар ойнайтын алаңдар. Бәрін жасаймыз.