Ұрпақты ұлттық тәрбиеге қалай баулимыз?
#qyzylordatv
Ұрпақты ұлттық тәрбиеге қалай баулимыз? Жалағаш ауданындағы Еңбек ауылында «Отбасылық құндылықтар – ұлт болашағының негізі» атты облыстық форум болды. Жиынға қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді қаузады.
Жиынға қатысушылар дәстүр мен таным, тәрбие тірегі тұрғысында ойларын ортаға салып, отбасы құндылығының маңызына тоқталды. Жалпы отбасы құндылығын сақтау, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аналардың алар орны ерек. Осы орайда «Анаға тағзым» орталығы аналардың тәжірибе алмасу алаңына айналып үлгергенін айта кеткен жөн.
АЛТЫНАЙ МОЛЖАНОВА – «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің орталықтың негізгі мақсаты ол ананы, әйелді қолдау. Әйелді, ананы қолдау арқылы, отбасын нығайту. Отбасын нығайту арқылы қоғамдағы берекені арттыру. Ал қоғамдағы береке деген формуланың өзі осы әйелмен байланысты. Неге десеңіздер жалпы отбасында берекені кіргізетін әйел. Міне осы тұрғыда біздің «Анаға тазғзым» орталығы көптеген жобаларды жүзеге асырды.
Жиында қазіргі қоғамдағы Батыс пен Шығыс елдеріне еліктеушілік мәселесі де назардан тыс қалмады. Әсіресе, бұл үрдіс қазақтың отбасылық дәстүрлері мен той жасау мәдениетінде көрініс тауып отыр, дейді дін өкілдері.
ЖАҚСЫБЕК ӘБЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ «АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ» МЕШІТІНІҢ БІРІНШІ НАИБ ИМАМЫ
100 пайыз бақытқа кепіл беретін әдемі жолымызды кейде мансұқтап, өзгенің дүдәмалы жолын кейде қабылдап жатамыз. Соның бірі үйлену тойы.Бұрын үйлену тойы екі той болатын. Жастар тойы, беташар тойы. Қазіргі уақытта екеуін біріктіру арқылы өзіміздің асы құндылықтарымызы жоғалтып бара жатырмыз. Асылында екеуін екі бөлек қарастырғанда халықтың жастары да араласты. Сұрбойдақ проблемасы азайды. Өйткені жастар бір-бірімен араласқаннан кейін, бір-бірімен табысып жатады. Үлкен кісілердің денсауылғына да кері әсері тимейді.
Баланың алғашқы қоғамы – отбасы. Жалпы мінез-құлқы мен жеке қасиеттерінің қалыптасуына отбасы мен жақындары, бөбекжай-бақшасы мен мектеп, қоршаған орта мен көше әсер етеді.
ТАЛҒАТ САДЫҚОВ – АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ата-аналар мен білім беру ұйымдарының арасында өзара қимылды жақсарту мақсатында 20 мектепте ата-аналарды арнайы педагогикалық қолдау орталықтары ашылды. Бұл орталықтар айсайын ата-аналармен педагоикалық-психологиялық білім беру сабақтарын өткізіп, рухани адамгершілік тәрбие, азаматтық құндылықтарды дамыту мақсатында барлық мектепте даналық мектебі, әкелер кеңесі, аналар мектебі, ата өсиеті, әже даналығы бағытындағы әртүрлі форматта дәріс және әңгіме, пікір таластар, кездесулер, қарау және талқылау, шығармашылық кештер ұйымдастырылып келеді. Жалпы педагогикалық ұжымның басты күші отбасындағы ахуалды жақсартуға, жағыммды қарым-қатынастарды қалыптастыруға, ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы ата-аналардың педагоикалық мәдениетін көтеруге бағытталуда.
Форум барысында отбасы бақытын дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнегесімен танылған жандарға сый-құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. 18 баланы дүниеге әкелген батыр ана Фатима Нұрмағанбетованың кеудесінде облыстың құрметті ардагері төсбелгісі жарқырады.
Отбасы құныдылығын қалыптастыру бағытындағы облыстық форум аясында көпшілікке аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.