Негізгі Жаңалықтар Вице-министр тұрғындармен кездесті

Вице-министр тұрғындармен кездесті

#qyzylordatv 

Алдағы екі жылда еліміздегі үш мыңға жуық елді мекен оптикалық интернетке қосылады. Сондай-ақ жыл соңына дейін республикалық маңызы бар жолдар толықтай 4G желісімен қамтылуы қажет. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Сыр өңірі тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. 


 Вице-министр телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары ауқымды екенін атап өтті. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту келер жылы аяқталмақ. Жоғары жылдамдықты интернетті тікелей тұрғындардың үйіне жеткізу және елді мекендерді 2G және 3G стандарттарынан заманауи 4G желісіне дейін жаңарту жалғасады.


 Ал қыркүйек айынан бастап жолаушылар пойызы мен ұшақтарды интернетпен қамту жұмыстары басталады. Мәселен базалық стансаның құрылысы қиын аудандар үшін спутниктік байланыс қыркүйек айынан бастап қолжетімді болады. Starlink қызметі пайдаланушыларға смартфоннан тікелей интернетке қосылуға мүмкіндік береді.


 Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар жолдардың бойында да байналыс қызметі тұрақталады. Ол үшін арнайы келісім жасалған.


 ДОСЖАН МҰСАЛИЕВ – ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Қыркүйек айында старлинк пен уан веб компаниясы заңды түрде жұмыс істейтін болады. 


Жиында еліміздегі цифрлық трансформация, жасанды интеллект, мемлекеттік қызметтерді дамыту, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты мәселелер ашық талқыланды. Тұрғындар министрлік өкілдеріне өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді.


Бөлісу