Негізгі Жаңалықтар Өңірде өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Өңірде өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

#qyzylordatv #тазақазақстан 

Жыл басынан бері облыста 297 өрт оқиғасы тіркелді. Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін төтеншеліктер, эколог және полицейлермен бірігіп профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында олар қаладағы каналдардың бірі мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.


 Жаз мезгілі – өрт қаупі ең жоғары кезең. Аптап ыстық, қураған шөп пен екпінді жел өрттің тез таралуына себеп болады. Мамандардың мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда табиғи өрт саны 11 жағдайға көбейген. Бұған көбіне адамдардың отты абайсыз пайдалануы мен құрғақшылық әсер етіп отыр.


 БЕЙБІТХАН СПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ 

Жыл басынан облыста 297 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Оның көбісі, яғни көктем айларындағы орман дала алқаптарындағы осы қураған шөптердің мәселесі болып отыр. Яғни, облыста өрт оқиғасы 26 өрт оқиғасы осы орман,дала алқаптарында тіркеліп отыр. Былтырғы жылдары 15-ке жуық өрт оқиғасы орын алған тұғын. Биыл енді ауа-райының құрғақшылығы болды, жауын-шашынның аз болуына байланысты дала орман алқаптарында өрттің өсуі.Тұрғындарға ескеретініміз жаз мезгілінде тек дала алқаптары емес осы тұрмыстық қарапайым ережелерді сақтауға шақырамыз.


Рейд барысында мамандар тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді. Мұндай аумақта тұтанған өртті сөндіру қиын. Себебі жалын қалдықтардың арасында жылдам тарап, қою түтін қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді. Жыл басынан бері облыс полигондарында өрттің алты дерегі тіркелген. Оның төртеуі облыс орталығында болған. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 3 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды. Рейд кезінде полигон қызметкерлеріне қауіпсіздік талаптары тағы да түсіндірілді.


Одан кейін рейд қатысушылары қаладағы каналдардың біріне барып, демалушылар мен балықшыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Мамандар қоқыс қалдырмауға, от жақпауға және темекі тұқылын өшірмей тастамауға шақырды. Айта кетейік, профилактикалық шаралар өңірде апта сайын сәрсенбі, жұма және сенбі күндері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бөлісу