Халықаралық жастар күні аталып өтеді
#qyzylordatv
«12 тамыз – Халықаралық жастар» күніне орай «Qosyl» жастар ресурстық орталығының бастамасымен аймағымызда түрлі форматта іс-шара өткізілмек.
Іс-шаралар легі 11 тамыз күні Орта Азия мен Қазақстан жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев ескерткішіне тағзым етуден басталады. Ашық аспан астында «QYZYLORDA SPORT FEST» бұқаралық көше жаттығуы өтеді. Сонымен қатар «QYZYLORDA OPEN QUIZ» интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылмақ.
«Қызылорда – жастар қаласы» атты фотокөрме сайысы мен жастар арасында киберспорт мәдениетін дамытып, цифрлық дағдыларды қолдау мақсатында «AIM CUP QYZYLORDA» киберспорт турнирі болады. Жарыс Counter-Strike ойынының «Aim» форматында өтеді. Қатысушылар арнайы картада жеке шеберліін, дәлдігін, реакция жылдамдығын және тактикалық шешім қабылдау қабілетін сынға салады. Финалдық бәсекеде үздік деп танылғандары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болмақ.
Халықаралық мереке орталық алаңда «QYZYLORDA YOUTH FEST» атты гала-концертпен қорытындыланады.
МЕДЕТ ЖОРАБЕК – ҚАЛАЛЫҚ «QOSYL» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Фестиваль аясында жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, талантты бишілерді қолдау мақсатында «QYZYLORDA YOUTH FEST» заманауи би байқауы ұйымдастырылады. Байқауға Hip-Hop, K-pop, Street Dance және басқа да заманауи би бағыттарында өнер көрсететін би ұжымдары қатыса алады.
Қатысушылар сахнада өздерінің шеберлігі, шығармашылық ерекшелігі бойынша бақ сынайды. Сайысты тәжірибелі хореографтар мен би саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Байқау жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, би мәдениетін дамытуға, тәжірибе алмасуға және жаңа таланттарды анықтауға мүмкіндік береді.